"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлының бастамасымен мешітте "Белсенді шәкірт" номинациясы ұйымдастырылды. Мешіт сабақтарынан қалмай, құран жаттауда ыждағатты болып жүрген шәкірттерге жігер беру үшін ақшалай сыйлықтар табысталды.
Бірінші орынды Панзабек Нұрбек алса, екінші орынға Дәулетали Абдумалик, үшінші орынға Рахманберді Нұрасыл ие болды. Өз кезегінде, Ахат Қайыпбергенұлы мешіт шәкірттеріне берілген сыйлықтар үшін емес, ең әуелі Алланың разылығы үшін ғана ыждағатты әрі ықыласты болуға шақырды. Жиын соңында, мешіт ақсақалы Абдысадық атамыз дұға жасап, балаларға ақ батасын берді.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.