Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында COWORKING залында “Қажы би” мешітінің бас имамы Жалгас Жұбаткановтың қатысуымен “Дін - тәрбиенің рухани тірегі” атты іс-шара өтті.
“Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік. Кешірімді болу адамдар арасын жарастырады, біріктіреді. Мына әлемнің пәни екендігін сезіндіреді. Кешірім жасау арқылы біз бітпес даудың түйінін шешіп, ата жауды адал досқа айналдырамыз. Мысалы, өзгелерге кешірімді болу, кешіріммен қарау мейірімділікке жол ашады. Ал кешірім сұрамау мен кешірмеу – адам өмірін түпсіз тұңғиыққа тірейтін жағымсыз қасиет. Сондықтан арадағы өкпе назды ұмыттыратын ең жақсы қасиет – кешірімділік!” - деді бас имам Жалгас Жубатканов.
Бас имам қатысушыларға өзінің ризашылығын білдіріп, іс-шараға қатысушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.