Бүгін Талас ауданыҚаратау қалалық әкімшілік аппараты "Дін мен дәстүр және жастарды жат ағымнан сақтандыру" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш шараға жастар арнайы шақырылды.
"Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы жиынға қатысушы барша жиналғандарға Исламдағы жастардың орны турасында және жат ағымдардан сақтану шаралары жөнінде насихатын айтты. Жиын соңында келген қонақтар мен белсенді жастарымыз Асқарбек Серікұлына сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі