#Талас: Айлық дастархан ұйымдастырылды

#Талас: Айлық дастархан ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас Аудандық Қаратау "Қажы би" Орталық мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен мешітімізде "Айлық дастархан" ұйымдастырылды. Бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы көпшілік алдында Аллаға мадақ айтып сөз бастап, дастархан жаю ата - бабамыздың ұстанған дәстүрлі Исламдық құндылықтардан туған, сол арқылы салт-санасымға сіңген игі амал екенін тілге тиек етті.

Өз кезегінде, ауданымыздың наиб имамы Азамат Әміртайұлы дастархан басына жиналған қауымға салиқалы уағыздарынан айтып, бар ықыласын төкті. Жиын ортасында қонақтар арасынан "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мен "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлына сөз кезегі беріліп, жиналған жамағатты уағыз-насихаттармен сусындатты. Жиын соңында мешіт ақсақалы Мүбәшерхан атамыз ізгі тілегін білдіріп, батасын берді.

Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: