Қордай ауданы, Кеен ауылдық мәдениет үйінде діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс шеңберінде «Дінің болсын – дін аман» атты ауыл жастары арасында ауыл имамымен кездесу өтті. Ауыл имамы Саят Рахимов жиналған жасөспірімдерге діни ағым сан жағынан ғана артып қоймай, оның жақтаушылары мен мүшелері де көбейдігін айтып түсіндірді.
Ауыл имамы жастарға Ислам діні туралы түсінікті интернет желісінен емес, керісінше мешіттегі имам, ұстаздардан алу керектігін тілге тиек етті. Интернет желісіндегі дұрыс емес мәліметтер діни сауаттылығы аз жастарымыздың психикалық ой-өрісіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, рухани дамуының өсіп-өркендеуіне де кедергі келтіреді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі