#Байзақ: ТӘРТІП КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

#Байзақ: ТӘРТІП КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл имам-молдаларының жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «аудандық тәртіп кеңесін» құрды. «Кеңестің» құрылудағы мақсаты ауыл имам-молдаларының жеке шиеліністі мәселелерін дер кезінде шешіп отыру, тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол бермеу, ҚМДБ бекіткен жоспарлы іс-шараларды бақылау және ауыл дін қызметкерлерінің өзге облыстарға шығатын жағдайда сұранып кету мәселесін қадағалау болып табылады. Тәртіптік кеңесте қаралған мәселер бойынша ескертулер жазбаша беріліп отырады», - деді аудан бас имамы.

Аудан бас имамының ұсынысымен тәртіп кеңесінің төрағасы болып «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мұхит Ермаханұлы, кеңестің мүшелері болып «Аққия» мешітінің молдасы Қадірбек Әбенұлы, «Сухамбай» мешітінің молдасы Скендиров Бакубек, «Ақыл ата» мешітінің молдасы Ахмет Жетпісбайұлы, «Тілеш қажы» мешітінің молдасы Рахымбек Кенжебайұлы, «Базарбай» мешітінің молдасы Ербол Қасқырұлы және «Аймантөбе» мешітінің молдасы Кенжехан Өксіпбайұлы бекітілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: