Шу ауданы "Жәми" мешітінде ауыл имамдары бас қосты. Өңірдің бас имамы Алмас Кенжемолдаевтың басшылығымен өткен жиын "Ізгі қоғам құндылығы" тақырыбында өтті.
Жиналыста бес бағыт жұмыстарын жандандыру, әдеп кеңесі сынды маңызды мәселелер қамтылды. Имам мешітте сабақ ұйымдастыру, діни іс-шаралар өткізу турасында да атап өтті. Имам-молдаларға арнайы тапсырмалар жүктеп, орындалуын қадағалауды тапсырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі