Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде аудан бас имамы Қанат Әділханұлының басшылығымен ауыл имамдардың алқалы жиыны өтті. Байзақ ауданына қарасты ауыл имам-молдалары қатысқан жиналыста ауданның бас имамы биылғы 2024 жыл «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялануына орай баса назар аударылуы тиіс бес бағыт – «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша ҚМДБ тарапынан бекітілген жұмыс жүргізу жоспарын таныстырды.
Нақтырақ айтар болсақ, отбасы мәселелерін шешуге қатысты және жастармен жүйелі жұмыс жүргізуге ерекше көңіл бөлу қажеттігін алға тартып, уағыз айту әдебі, оқу-ағарту, насихат жұмыстарында заманауи тиімді тәсілдерді қолдану, жамағатпен, қоғаммен тығыз байланыс орнату, рухани ұлттық құндылықтарды, дін мен дәстүрді дәріптейтін іс-шараларды көбірек ұйымдастыру, жат ағым арбауынан сақтандыру, ауылдық мешіттерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, дін қызметкерлерінің тұлғалық бейнесін қалыптастыру, мешіт тазалығы, құжаттамаларын реттеу жұмыстарын жүйелі атқарып, мешіткен келетін тұрғындарға көркем мәміледе болып, елді ізгілікке насихаттауды тапсырды.
Сондай-ақ аудан бас имамы бес бағытқа жауаптыларды бекітіп, ҚМДБ бекіткен жоспарды жүйелі әрі сапалы орындауды міндеттеді.