Жуалы аудандық, «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауыл имамдарымен кезекті жиналысы болып өтті. Жиында өткен айлардағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланды.
Бас қосуда Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы: «Қазіргі таңда әрбір имам өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарауы керек. Біздің халық алдындағы парызымыз – міндетімізді орындап, ел игілігі үшін адал қызмет ету»,- дей келе жиын барысында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат ағымдардан сақтандыру» бес бағыттарына атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды.
Аудан бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы жұмыстарды кешенді түрде жұмыла атқару керектігін атап өтті. Әрбір мешітте имам жамағаттарға уағыз-насихат және тапсырылған бағыт бойынша іс шараларды дер кезінде орындалуын, мешіт тазалығы т.б. жұмыстарды атап өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі