Жуалы ауданы «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлының ұйымдастырумен «Әжелер мектебі» ашылды. Кездесу барысында Әжелер мектебінің мақсаты мен міндеттері нақтыланды. Ұйымның құрамында 10 әже бар. Аудандық «Әжелер мектебінің» төрайымы бекітілді.
Қазіргі таңда «Әжелер мектебі» іс-шаралар күнтәртібіне сәйкес, тәрбиелік маңызы бар жұмыстарды жүргізу мәселелері талқыланды. Келешекте жастардың тәрбиесіне ұйытқы болып отырған «Әжелер мектебінің» құзыретін кеңейтіп, жұмысын жетілдіруі нақтыланды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі