Қарттар үйі жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарды әлеуметтік қорғау мақсатымен құрылған мекеме екені белгілі. Қордай ауданы «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Бекзат Мұхамбетов және ерікті жастар аудандағы «Қордай карттар үйіндегі» қарияларға қайырымдылық шарасын өткізді.
Тағдырдың талқысына түскен қарттарға мейірімділік танытып, қамқорлық көрсетуге талпынған еріктілер аталған мекемедегі қарттардың көңілін, халдерін сұрап, жағдайларымен танысып, олармен әңгімелесіп, арнайы азық түлік өнімдерін яғни қайырымдылық көмегін тапсырып қайтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі