Қордай ауданы, Әлжан ана ауылында әскери қызметкерлермен ауқымды кездесу болып өтті. Бұл жиында өзекті мәселелер атап айтқанда: отбасы дағдарысы, басшыға бағыну, бала тәрбиесі сынды тақырыптар қозғалды.
Тағылы мол жиынға арнайы шақырылған «Құдайберген» мешітінің имамы Саламат Аманбаев «Отбасы дағдарысы» деген тақырыбында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, гвардейский участковый мойор Алмаз Ұлтанбаев пен әскери полиция мойоры Ринат Жұмағұлов «Басшыға бағыну» сынды тақырыпта сөз сөйледі. Жалпы, осындай басқосулардың алар орны ерекше екендігін осы жүздесуде айқын көрсетті.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі