Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Гүлжан Сағындыққызы әйелдер жамағатына "Кішіпейілділік" тақырыбында уағыз жүргізді. Ұстаз өз сөзінде жоғары құлшылық әдебі кішіпейілдік екенін тілге тиек етіп, кішіпейілдікте орта жолды ұстау керектігін атап өтті.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кішіпейілдігі, сахабалардың кішіпейілдігі жайлы ғибратты әңгімелер айтып, тақырыпты тереңірек ашты. Жамағат өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі