Аудандық «Қордай» мешітінде жұма намазына келген көпшілікке ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі жоспарына сәйкес жамағатқа пәтуа сағаты жасалды.
Ауданның бас имамы А.А.Егизбаев жиналған жамағатқа дәріс оқып, сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жарық көрген үш томдық «Пәтуалар жинағы» кітабы таныстырылды. Жамағат әр істе өз маманына бару керектігін пәтуа сағатынан ұғынды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі