"Молда Мұхаммежан" мешітінде пәтуа сағаты өтті

"Молда Мұхаммежан" мешітінде пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлбетте, мұсылман адам өзінің күнделікті өмірінде қажет болатын діни үкімдерді үйренуі уәжіп. Бірақ, діни сауалдарға әркім дұрыс жауап ала бермейді. «Өзім біліп істей берейін» десе, қателікке соқтығуы мүмкін. Ал, сауалға шешім таппаса, тағы болмайды. Сонда не істеу керек? Сондықтан мұндай үлкен мәселелерді пәтуә ғалымдарынан сұрау керек. Пәтуаның жауапкершілігі ауыр. Өйткені, ол - халал-харам, сауап-күнә, жәннат-тозақ ортасындағы Алланың үкімі. Сондықтан, бұл істе пәтуа беретін адамнан сақтық пен мұқияттылық талап етіледі.

Осыған орай, Жамбыл облысы Тараз қаласы "Молда Мұхаммежан" мешітінде жұма намазының алдында жамағатқа пәтуа сағаты өткізілді. Шараны Жамбыл облысы бойынша "Шариғат және пәтуа" бөліміне жауапты Нұрсұлтан  Зұлпықаров жүргізді.

Пәтуа сағатында жамағат арасында кең тараған мәселелер қозғалып, сұрақтарға жауап берілді. Маман діни сұрақтарға жауап алу мен пәтуа алудың ара-жігін айырып түсіндіріп өтті. Пәтуаның маңыздылығы мен оның орындалуына тоқталды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: