"Намаз ата " мешітінде пәтуаның маңыздылығы насихатталды

"Намаз ата " мешітінде пәтуаның маңыздылығы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Тараз қаласы "Намаз ата" мешітінің имамы Сардорбек Абдухаликов жұма намазы алдында жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Әр адам өзі ілімді терең меңгермегендіктен  мужтаһид ғалымның жолын ұстануы қажет. Әйтпеген жағдайда адасары хақ. Осы секілді маңызды пікірлерді жамағат арасына таратуда пәтуа мамандары күш салуда.

Белгілі болғаныдай, әрбір ғасырдың, әр бір кезеңнің өзіне қатысты проблемалары туындайды. Қазіргі таңда үлкен ислам ғұламалары мен ғалымдары, өз заманының муджтахидтері соларға исламның көзқарасы бойынша, түрлі иджтихадтық әдістері мен механизмдерді қолданып жауаптарын беруде.

Шариғат тағылымдары мен ережелерін тәпсірлеу барысында дін ғалымдарымұсылман үмметін алаңдатқан барлық сұрақтары мен проблемаларының шешімдерін табу үшін Құран мен сүннеттен «пәтуалар» шығарған. Осы турасында өткен пәтуә сағатында жамағат өз сұрақтарына дәлелді, толықанды жауап алды. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: