Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Осындай кезекті шара Шу ауданы "Жылғабек" мешітінде ұйымдастырылды. Демеушілер көмегімен 3 отбасыға 120 000 теңге қаражатқа азық-түлік алып берілді.
Сонымен қатар "Жылғабек" мешіті отбасыға зекет ретінде 1 тай табыстады. Көмек алғандар ұйытқы болған мешіт имамына алғысын айтып, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі