#Тараз: Қыздар арасында Құран сайысы өтті

#Тараз: Қыздар арасында Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Адамды жаратып, оның әлсіздігі мен мұқтаждық-тарын білетін Алла Тағала оны мына дүниеде қараусыз қалдырмады. Адамзаттың атасы хазі­реті Адамнан бастап ақыр заманның үмбетіне дейін әр дәуірде адамзаттың қажеттілігі мен сана деңгейіне қарай илаһи (құдайлық) хабарды сол қауым ішіндегі арнайы таңдалған пайғамбарлар арқылы жіберді. Адам­заттың санасы бұрынғыдан гөрі дамып, толысқан уақытта ақырғы пайғамбар хазіреті Мұхаммед пайғамбар аләйһис-салату уәс-сәләм арқылы 23 жыл бойы уахи етіп, Құранды түсірді.

Осынау ең қасиетті кітап Құранды жаттап және мәнерлеп оқу бойынша Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінде жарыс өтті. Сайысқа 30 шәкірт қатысып, оқ бойы озық шыққан 4 қыз-келіншек 1,2,3,4 орындармен марапатталды. Ұстаз Зейнеп Үсенова шәкірттердің Құранды тәжуидімен, ережелеріне сай, көркем оқылуын қадағалап, қазылық етті. 

Аталған шарамен қоса "Алланың 99 есімін айтудан" білім додасы өтті. Жаңылмай, мағынасымен бірге үздік айтып шыққан қыздарға сый-сыяпаттар табысталды. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: