#Меркі ауданы: «Білімді жамағат - сауатты қоғам»

#Меркі ауданы: «Білімді жамағат - сауатты қоғам»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Білім алу – әрбір мұсылман ер-әйелге парыз», - деген. Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің бас имамы Дастан Қасмалиевтің бастамасымен күнделікті мешітте өтіліп жатқан фиқһ дәрістері бойынша мешітке жамағаттардың арасында білім сайысы өтті.

Осындай  жиын-сайыстарды өткізудің негізгі  мақсаты –жамағатттың діни білімін арттыру, ауызбіршілігін нығайтып, имандылықты көтеру.

Сайысқа жетекшілік еткен «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламан жамағатқа сайыстың мәні мен маңызына тоқталып, сәттілік тіледі. Ал, жарысқа қатысқан жамағат фиқһ, яғни Ислам ғибадатына қатысты тест сұрақтарына жауап берді.

Жоғары ұпай жинаған жандарға жүлделі сыйлықтар табысталды. Сайыс жоғары деңгейде өтті.

Алла баршамыздың құлшылық ғибататымызды қабыл етсін! Осы іс-шараға қатысқан әрбір жанға Алла сауаптан жазсын! Раббымыз жамағатымызды ауызбіршіліктен айырмасын.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: