Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы мен «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Сағымбаев Бақытбек Бауыржанұлы Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне "Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі емес діни бірлестіктер" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде сөз алған аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Экстремизм түсінігі латын тілінде extremus сөзінен шыққан, яғни «шеттеу», «шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттерге жақын тұратын», соның ішінде тәртіпсіздікті өршіту әрекеті, азаматтық бағынбаушылық, террорлық акциялар, партизандық соғыс әдістері кіреді. Осындай топтардың негізгі ерекшеліктері олардың келісімдерді, келіссөздерді, ымыраға келуді қабылдамауы болып табылады», - деп тақырып аясын ашып, сондай-ақ қоғамда өзекті болған «Отбасы құңдылықтары», «Суицизмнің зардабы» тақырыптарын кеңінен түсіндіріп өтті.