Меркі ауданына қарасты «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай мешітке жиналған жамағатқа намаздағы сап түзеп тұрудың маңыздылығын түсіндірді.
Мешіт имамы өз сөзінде: «Жмағат болып намаз оқығанда саптың түзу болуы және арада ашық жердің болмауы – намаздың көркі әрі кемелдігі. Ол жайында Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистер келген.
Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намазда тұрғанда сапты түзеңдер. Өйткені сапты түзеу – намаздың көркі», - десе, келесі хадисте: «Саптарыңды түзеңдер, расында саптарды түзету намазды толықтырады», - деген», - деп сап түзеудің маңыздылығын баяндап берді.
Алла Тағала ауызбіршіліктен айырмасын, мешіттеріміз жамағатқа толы болғай!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі