Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «…асылында, Алла Тағала мүміннің аз да болса ұдайы жасап отыратын діни амалдарын жақсы көреді» (Бұхари, Мүслим).
Аталмыш хадис ұдайылықтың күшін ашып көрсетеді. Аз да болса ұдайы жасап отыратын біздің жақсы амалдарымыз Алла Тағалаға бізді біртіндеп жақындата түседі. Алайда әрбір істе тек қана ұдайылық талап етілмейді, сонмыен қатар, шынайылық, ынта мен саналылық та болуы керек.
Тұрақтылықта істің өрлеуі болады
Қане, аталмыш хадис жөнінде біраз ой жүгіртіп көрейікші. Неліктен кіші-гірім амалдар пайда әкеліп отырады?
Өрлеудің кепілі – ақырын, бірақ дұрыс қозғалуда. Үлкен де ауыр амалдарды жүктеп алғанша, дұрысы ұдайы кіші амалдарды жасап отыру.
Кіші амалдардан бастап шағын қадамдармен нық алға басыңыз
Алла Тағала айтқандай, адамдар әліз болып жаратылған, сол себепті Жаратушы адамдарға қиындықтарды емес, жеңілдіктерді қалайды. Бұл жөнінде Құранда былай айтылған:
«Негізінен Алла сендерге жеңілдікті қалайды. Өйткені адам баласы нашар жаратылған» (4:28).
Өзіміздің әлсіз екенімізді біле тұрып, біз кіші амалдардан бастап жасағанымыз дұрыс. Азы болса да жақсысы абзал екенін есімізден шығармайық.
Бүгіннен бастап-ақ мына бір қарапайым құлшылықтардан бастаңыз:
1- Намазды уақытында оқыңыз
Егер осы күнге дейін әлі намаз оқуды бастамаған болсаңыз, онда қазірден бастап намаз оқуды үйреніңіз. Бұл ең үлкен әрі ең пайдалы ұдайы жасалатын жақсы амал. Ал егер сіз намазды кешеуілдетіп оқитын болсаңыз, енді азан шақырыла салысымен дәретіңізді алып, намаз оқуға тұрыңыз. Бұл Алла алдындағы ең сүйікті істердің бірі. Уақыты кірсе де кешеуілдетіліп оқылатын намаз қаза намазға жақындап кетеді. Ал таң намазына келер болсақ, оны уақытында оқып алып, содан кейін Құран оқуға біздің көп уақытымыз болады.
2- Дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстау
Қасиетті Рамазан айы келгенде ауыз бекіту қиынға соғып жататыны өтірік емес, бірақ жыл бойы дүйсенбі мен бейсенбі күні ораза ұстағандардың жағдайы мүлде бөлек. Сонымен қатар, аптаның осы екі күні ауыз бекітетіндер мол сауапқа кенеледі.
3- Күнделікті Құран оқып тұрыңыз
Күніне бір сүре оқып, бір аят жаттау арқылы адам баласы уақыт өте келе Құранды толықтай жаттап алатын халге жетеді. Құранды ұдайы оқып тұру – Қиямет күнгі біздің шапағатшымыз болады.
4 – Ұйықтар алдында дәрет алып жатыңыз
Осынау бір қарапайым амал үшін сіздің ары кетсе 1-2 ғана минут уақытыңыз кетеді. Есесіне сауап алып отырасыз.
5- Күнделікті Алла Елшісі (ﷺ) жасаған дұға мен зікірді жасап отырыңыз
Алла Елшісіне (ﷺ) деген сүйіспеншілігіміз арқылы біз оның (ﷺ) үнемі жасап отырған амалдарын жасай отырып, Алла тағалаға бір қадам болсын жақындай түсеміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – амалдардың азынан бастап, оны қалдырмай үздіксіз жасап отырыңыздар. Алла Тағаланың қалауымен, бұл амалдар өміріңіздің бір бөлігіне айналып кететін болады.