Алла Тағала иман тәттілігін құрбан болуға дайындарға уәде еткен. Ер адам сұлу әйелге көз салуға азғырылса немесе әйел адам сұлу еркекке қарағысы келсе, бұл олардың нәпсілерінің талабы, бірақ олар осы кесірлі тілектерін құрбан етеді. Оның алдында киножұлдыз, танымал спортшы немесе тіпті «Әлем миссы» болса да ол: «Алла маған разы болмайды», – деп айтып, көздерін түсіреді. Алла Тағала жаралы жүректі көріп, бұл құрбандықты бағалап, жомарт түрде жауап береді, жүректі иман тәттілігіне толтырады. Алланың уәдесі осындай. Хадисте Жаратушының келесі сөздері келтірілген:
«Шынында, кесірлі көзқарас – бұл Шайтанның улы оқтарының бірі. Кімде-кім Менен қорықса, одан тоқтатылады, Менен өз жүрегінде сезетін сондай иман мен тәттілікті алады».
Ондай тәттілік расымен де бар, оған қол жеткізетіндер Алла Тағала разылығы үшін өз жүректерімен құрбан еткендер. Бұл Алла Тағалаға деген қысқа да түзу жол, әсіресе, қазіргі азған заманда. Егер сіз бизнеспен айналыссаңыз немесе басқа мамандық иесі болып бір кәсіпорында қызмет жасар болсаңыз, кейде қарама-қарсы жынысқа көз тастау қажеттілігі туындайтынын білесіз, тәубаға келіп, Алладан жарылқау сұраңыз. Ал егер ондай қажеттілік болмаса, онда барлық жерде көздеріңізді түсіріп жүріңіз – мектепте, институтта, дүкендерде, әуежайларда және өзге жерлерде, сонда біз иманның тәттілігін сеземіз. Әлбетте, бұл осындай құрбан үшін жүрек ауыртар мұң мен жан ауруын әкелуі мүмкін, бірақ сүйіспеншілік жолы осындай. Бұл дүние сұлулығынан бас тартып, өз күнәмізді тастағанда, жан ауруы мен мұңды берген Алла Тағалаға біз жақын боламыз.
Адам өзін-өзі ұстауы тиіс, өйткені ол Қиямет күні Алла Тағаланың алдына барып, өзінің барлық істеріне жауап беретінін біледі және егер Алла Тағала азапқа салуды шешсе, оны одан ешкім де құтқара алмайды. Осындай шыдамдылығы үшін Алла Тағала адамды ең жоғары рахат орны - Жұмаққа кіргізеді, ин ша Алла.