«Қудаланған иттен» қорғану

«Қудаланған иттен» қорғану

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мишкат» жинағына жазылған «Миркат» түсініктемесінде Әли Кари (оған Алланың рақымы болсын) Ібілісті иесі қуып шығып, есіктің сыртында қалтырған итпен теңестірген. Менің ұстазым шейх Хаким Мұхаммед Ахтар бір сөзінде салтанатты үйлердің иелері үлкен шетелдік иттерді ұстайды деп айтқан. Бұл иттердің оларға не қажеті бар?

Өтіп бара жатқан адамдарға үріп, сән-салтанаты жарасқан үйлеріне ешкімді жақындатпау. Ал егер адам үйге кіргісі келіп, итпен ырылдасып қалса не болмақ? Иттің қауіпті, ырылдап үргеніне адам онымен шайқасқа түсетінін көрсетеді. Ит те, адам да үреді... Кейбір иттердің үргендері арыстанның ақырғанына ұқсайды. Осындай үру байқауына қатысып қалған адамның үйге кіруі мүшкіл болып қалады. Ал әлгі адамға итпен ырылдаспай, бар-жоғы тек есіктің қоңырауын басу керек болатын. Иттің иесі шығып, өз итінің құйрығын қысып, ары кетуіне қажет сөздерді табушы еді. 

Келген адамға тек қоңырауды басу ғана керек емес пе еді? Тек қана иттің иесін шақыру керек болатын. Сондықтан шайтан бір нәрсені күбірлей үріп тұрғанда, онымен таласпаңыз. Оған жауап ретінде үрмеңіз. Ібілістің білімі мол. Ол шариғаттың бәрін біледі. Сол сәтте былай айтыңыз: «А’у́зу билля́хи минащ-щайто́нир- раджи́м». Алла Тағаладан осы қудаланған ит – шайтаннан қорғауды сұраңыз. Алла Тағала бізге Ібіліске қарсы шығып, онымен күрес деп бұйырмаған.  Оны ұруларың, тебулерің және атуларың қажет демеген. Алла Тағала бізге тікелей Оған, Аллаға сиыныңдар деген.  Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық Естуші, өте Білуші» (7:200).

Ібіліс – Алла Тағаланың иті, ол мүміннің, жалпы бүкіл адамзаттың Алла Тағалаға жақындауын қаламайды. Егер адам Алла Тағаламен байланысын орнатып, Алла Тағалаға бойсұну тәттілігіне рахаттанатын болса, ол ешқашан кемістіктерге бармайтынын Ібіліс жақсы біледі. Ал егер Ібіліс біздің Алла Тағаланың Мейіріміне бөленіп, Оның мәңгілік разылығының нығметтеріне рахаттанғанымызды қаламаса, онда әрине, ол бізге үретін болады. Қудаланған итпен төбелесу үшін уақыт пен күшіңізді сарп етпеңіз. Тек Алла Тағалаға сиыныңыз — Ол сіздерді қорғайды. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: