Ұры-қара көбіне қайда жүреді? Ұрлық, тонау қайда болады? Ұры қайда түседі? Әрине, бағалы да құнды нәрсе бар жерге түседі. Сіз әлдебір лашықты қарулы түрде тонапты дегенді естіп көріп пе едіңіз? Жоқ. Ондай үйлердің есік, терезелерін жаппай, шалқасынан ашық тастасаңыз да болады. Егер ол жерден қаужалап алар ештеме таппайтынын білетін адамның онда кіріп несі бар?
Ұры тек алтын, күміс, көп ақшасы бар үйлер мен орындарды ғана таңдайды. Дегенмен, көптеген жерлерде тіпті есіктерді, терезелерді, жабынқышты да ұрлайды, сондықтан түгі жоқ бос үйлерді де қараусыз қалдыруға болмайды. Ал өзінің сұғанақ қол, ұрылық ерлігімен белгілі шайтан, мүміннің жүрегінен иман байлығын ұрлап қояды. Ол шынайы байлықтың — Алла Тағалаға деген сүйіспеншіліктің соңына түседі. Күншілдікте, кектенуде және ұрлық «дағдысында» Әзәзілге ешкім де тең келе алмайды.
Мұсылман үшін ол — тонаушы, айлакер, алаяқ әрі бандит. Ол қолынан келгеннің бәрін де жасайды: арамдық торын құрады, зұлым жоспарлар құрастырады, жанға тисіп, оған шабуыл жасайды. Осының бәрі де — тек иманның құнсыз байлығын ұрлау үшін ғана. Оның миссиясы осындай. Ендеше, бұл дүние байлығынан асып түсетін, Алланың қалауымен, жүрегімізге ұялап, санамызды реттейтін иманымызды ұрлатып алмай, оны көзіміздің қарашығындай сақтап қалуға бар-күш жігерімізді жұмсап, Алла Тағалаға бойұсынып, Оның бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылып жүруге тырысайық. Әзәзілдің айдап салуына бас шұлғап ере бермей, саналы түрде амал жасауға Алла Тағала нәсіп етсін.