Ғиса (ғ.с.)орта бойлы, аққұба, әдемі толқынды шашты, кең кеуделі, жаңа туған айдай нұрлы жүзді болатын әрі оның шашы құлағының сырғалығына дейін жетіп тұратын. Бұхари мен Мүслім Әбу Хурайрадан (р.а.) келтірген хадисте Алла Елшісінің (ﷺ) Алланың қалауымен, әртүрлі пайғамбарлармен кездескендігін және солардың ішінде Ғисаның (ғ.с.) болғанын әрі оның жүзі туралы былай айтқанын жеткізген: «Жаңа туған айдай сүттей ақ».
Ибн Аббастан Бұхари (р.а.) былай келтірген:
«Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Мен Ғисаны, Мұсаны, Ибраһимді көрдім. Ғисаға (ғ.с.) келер болсам, ол сүттей ақ, толқынды шашы бар, кең кеуделі».
Мүслім Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткізген хадисінде Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізген: «Ғисаға (ғ.с.) қатты ұқсайтын адам – Уруа ибн Масуд әс-Сакафи».
Мүслім Ибн Омардың (р.а.) Ғисаның (ғ.с.) сүттей ақ болғанын теріске шығарған, оның айтуынша, ол біраз қараторы болған, бірақ бұл Әбу Хурайра мен Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадистерге қайшы келеді.