21 бөлім. Дәжжал: Оның қазасы

21 бөлім. Дәжжал: Оның қазасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәжжал пайда болғанда, Жер бетінің көп бөлігі оның қол астына қарайтын болады, ал иман келтіргендер одан және оның соңынан ергендерден шыққан сасық иістен қашып қасиетті жерлерге қарай бет алады. Сол кезде Дамаск мешітінде Ғиса (ғ.с.) пайда болады әрі оның маңайына иман келтіргендер жиналып, Алланың құлдары лек-легімен оған қарай ағылатын болады. Ал бұл кезде Дәжжал Иерусалимге қарай бет бұрады. Ғисаның (ғ.с.) әскері мен Дәжжалдың әскері кездескенде, Дәжжалдың күші әлсіреп, әскері жан-жаққа қашып кетеді, ал оның өзі Ғисаның (ғ.с.) қолынан қаза табады. Дәл осы кезде тастар мен ағаштарға тіл бітіп, сөйлейтін болады: «Уа, Алланың құлы! Яһуди менің артымда тығылып тұр. Өлтір оны»(Ибн Касирдің «Нихаясы», 1/128-129).

Имам Мүслім Абдулла ибн Амрадан Дәжжалдың келуі баяндалған және соңында Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын жеткізген хадисті келтірген:

«Уруа ибн Масудке ұқсас Ғиса ибн Мәриям (ғ.с.) келеді де оның көзін құртады».

Сондай-ақ, Мүслім, Тирмизи және басқалардан келген хадистерде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: «Ибн Мәриям оны Бад Луддта өлтіреді».

Ән-Науауи Ғисаның (ғ.с.) Дәжжалды өлтіретін жерін Иерусалимнен алыс емес жердегі Шамда деп көрсеткен. Сондай-ақ, Мүслім Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Көз көрген жердегі кәпірлердің бәрі өлтіріледі, (Ғиса (ғ.с.) оны қуып жетіп) Бад Луддта өлтіреді».

Имам Ахмад Жабирдің Алла Елшісінің (ﷺ) Дәжжәл мен Ғисаның (ғ.с.) келуін баяндағанда былай айтқанын келтірген:

«Содан кейін Ғиса (ғ.с.) келеді, ол адамдарға: «Уа, адамдар! Бұл өтірікшіге қарсы шығуға сендерге не кедергі болуда?» Адамдардың арасында Ғиса ибн Мәриям (ғ.с.) болғанда намаз уақыты келеді де оған: «Имам бол, уа, Рухулла!» , - дегенде ол: «Жоқ, имам сендердің араңнан біреу болсын», - дейді. Таң намазынан кейін олар жорыққа аттанады, Өтірікшіні көргенде ол тұз сияқты еріп сала береді, Ғиса (ғ.с.) оның қасына барып, оны өлтіреді. Сол кезде талдар мен ағаштар тіл қатып, былай дейді: «Уа, Рухулла! Міне, яһуди. Оның артынан ергендердің бәрін өлтіріп таста».

Дәжжалдың өлімімен Жер бетін жайлаған, адамзат баласы өмірінде көрмеген ең үлкен үрейлі бүлік аяқталады. Дәжжалды және оның соңынан ергендерді қарғыс атсын!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: