Жүніп кезінде шаш пен тырнақтарды алдыртуға бола ма?

Жүніп кезінде шаш пен тырнақтарды алдыртуға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жүніп болып жүрген адамға шашы мен тырнақтарын алдырту дұрыс емес. Абзалы ғұсыл алған соң алдырту. «Ихйау Улюмид-Дин» атты кітабында Имам Ғазали (р.а.) осы жөнінде былай жазған:

«Жүніп болып жүрген адамға шашы мен тырнақтарын алдыртуға, сондай-ақ, қасаға және қолтық жүндерін қыруға болмайды. Бұған тыйым салынбаған, алайда ұнамсыз іс болып саналады, өйткені ақиретте адам денесінен кесілген бөліктер мен қалдықтар қатадан қайтарылады. Ал жүніп болып жүрген кезде алынған дүниелер сол жүніп күйінде қайтарылады».

Адам өзі қадірлі жаратылыс, сондықтан оның денесінің барлық бөліктері де құрметке лайық, қадірлі болып табылады.  Сондықтан жүніп кезінде тіпті бір тырнақты болса да денеден бөліп алып тастауға болмайды. 

Егер адам жүніп кезінде шаштары мен тырнақтарын немесе денесінің әлдебір бөлігін алдыртса, мұның ғұсылға еш зияны болмайды әрі кедергі болып табылмайды, тек адам ұнамсыз іс (мәкрүһ) жасаған болып саналады.

Хайыз кезіндегі қыз-келіншектер мәселесі де тура солай. Хайыз кезінде шаштары мен тырнақтарын алдыртуға, сондай-ақ, қолтық пен қасаға жүндерін де қыруға болмайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: