Қиямет күні жүздері нұрланып тұратын адамдар

Қиямет күні жүздері нұрланып тұратын адамдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әрбір құлшылықта оның негізгісінен бөлек үлкен даналық бар. Намаз оқу үшін дәрет алу иманның ажырамас бөлігі тәрізді ішкі және сыртқы тазалықты бейнелейді. Ешбір амал ниет пен пиғылдың тазалығынсыз іске аспайды, тек тазалық болғанда ғана шынайылыққа (ихсан) қол жеткізіледі.

Күнделікті иман келтірген өміріндегі ең маңызды құлшылығы үшін бірнеше мәрте денесін тазалап, дәрет алып отырады. Осылайша, ол өз иманының тазалығын, Алла алдындағы шынайылығын әрі намазға деген құрметін көрсетеді. Дәрет алу – мұсылман үшін маңызды, өйткені ол намаздың кілті болып табылады, сонымен қатар, дәретте мүміннің өзіне сый бар, бұл жөнінде Алла Елшісінің (ﷺ) хадистерінде былай айтылған:

1. «Адам «Бисмилләхир-рахманир-рахим» сөзімен дәрет алуды бастап, дәрет алу кезінде Алланы еске алса, онда оның барлық денесі тазарады» (Әбу Хурайра).

2. «Расында, Қиямет күні менің үмбетімнің жүздері, аятқары мен қолдары нұрлы болады. Кім нұрды көбейткісі келсе, дәрет алсын» (Бұхари).

3. «Мұсылман немесе мүмін дәрет алу барысында бетін жуу арқылы көзімен жасаған күнәларды дәрет алған сумен немесе судың соңғы тамшыларымен кетіреді.  Қолдарын жуу арқылы дәрет алған сумен немесе судың соңғы тамшыларымен қолдарымен жасаған күнәларды жуады. Аяқтарын жуу арқылы дәрет алған сумен немесе судың соңғы тамшысымен  аяқтарымен жасаған күнәларын жуады. Осылайша, адам барлық күнәларынан тазарады» (Мүслим).

4. «Лайықты түрде дәрет алған адамның күнәлары оның денесінен, тіпті тырнақтарының астынан да, шығып кетеді» (Мүслим).

5. «Кімде-кім лайықты түрде дәрет алса, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі, ал оның намазы әрі мешітке кіргені үшін адам қосымша сый алады» (Мүслим).

6.  «Көркем түрде дәрет алған мұсылман, содан кейін барлық жан-тәнімен беріліп екі ракағат намаз оқыса, Жұмақ оған міндетті етіледі» (Мүслим).

7. «Егер кімде-кім дәретті бола тұра, қайтадан дәрет алса, оған Алла Тағала он жақсылық жазады» (Тирмизи).

8. «Денелеріңді тазартыңдар, сонда Алла сендерді тазартады. Ақиқатында, егер Алланың құлы дәрет алып ұйқыға жатса, түнде оған періште түседі. Түні бойы ол: «Уа, Алла! Өз құлыңды кешірші, өйткені ол тазарып ұйықтады», - деп айтатын болады (Табарани).

9. «Жұмақта мүміннің әшекейлері оның дәрет алған жерлерін көмкеріп тұратын болады» (Мүслим).

10. «Кімде-кім лайықты түрде дәрет алып, содан соң былай айтса: «Серігі жоқ Алладан басқа құдайдың жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Оның құлы әрі Оның Елшісі екендігіне куәлік беремін» (Әшһаду аллә иләһа иллә-Ллаһу уахда-ху лә шарикә ля-ху уа ашхаду анна Мухаммадан 'абду-ху уа расулю-ху), - оған міндетті түрде Жұмақтың сегіз қақпасы ашылады әрі ол қалаған қақпасынан кіретін болады» (Мүслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: