Намаздан басын алып қашатындардың он екі сынағы

Намаздан басын алып қашатындардың он екі сынағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Миғраж түні Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) Жұмақ пен Тозақ  көрсетілген. Содан кейін ол Алла Тағаладан: «Менің үмбетімді Тозақтан сақтап қалу үшін не істеу керек?», - деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала күніне 50 уақыт намаз оқуды бұйырады. Қайтар жолында оған Мұса пайғамбар (ғ.с.) кездесіп, бұл сынақтың орындалуы мүмкін еместігін айтып, Алладан оны жеңілдетуін сұра деп айтады. Осылайша, Пайғамбарымыз (ﷺ) Алланың алдына 9 мәрте барған соң ғана намаз саны 5 уақытқа кемітіліп, сынақ жеңілдетілген екен. Мұса (ғ.с.) бұдан кейін де Алладан намаздың санын азайтуды сұра деп кеңес береді, алайда адамзаттың ардақтысы (ﷺ) ұялатындығын айтып, бас тартады. Сол сәтте Алла Тағаладан келесі уахи келіп түседі: «Мұхаммедтің (ﷺ) үмбетіндегі кез-келген адам шын жүрегімен бес уақыт намаз оқитын болса, оған 50 уақыт намаз оқығандай сауап беріледі».

Мұсылмандардың арасында: «Мен намазды тек бір уақыт қана оқимын» немесе «Менің бес уақыт намаз оқуға мұршам жоқ, сондықтан кешке жиып барлық намазымды бір-ақ рет оқимын», - деп айтатындар да кездесіп жатады. Ал кейбіреулерде намаз оқуға мүмкіндік болса да кейін оқимын деп өздерін алдап жүреді. Алайда ешкімнің де дәрігер жазып берген дәрілерді жинап бір уақытта ішуге дәті бармайды. Өйткені бұл дәрілерді нақты өз уақытында ішкенде ғана пайда беретіні белгілі. Сол сияқты өз уақытында оқылған намазды ештемемен ауыстыруға келмейді. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім намазды уақытында оқымаса, тіпті ол оны кеш уақытта (намаздың уақыты шығып кеткен соң) оқитын болса да 1 хукб мөлшеріндегі жазаға тартылады. 1 хукб — 80 жыл болатын 360 күнге сай келеді. Ақиреттегі бір күн мың жылға тең».

Алла Тағала намаздан бастарын алып қашатындарға он екі сынақ дайындап қойған. Біріншіден, Алла Тағала оның еңбегінің қайырлы нәтижелі болуынан айырады; оның достары мен жолдастарының арасында қадірлі адамдар болмайды; оның дұшпандары көп болады. Өлім алдында ол аштық пен шөлді басынан өткізеді әрі Әзірейіл (ғ.с.) асқан зұлымдықпен оның жанын алады. Сондай-ақ, қабірде оны үш сынақ күтетін болады: Мүнкәр мен Нәкір сұрақтардың астына алып, қатты қорқытатын болады; қабірі қапас әрі тар болады. Қиямет күні бес уақыт намаз оқымағандар қатты үрейде болады, Алланың қаһарына ұшырайды әрі олар Тозақ азабына салынады.

Намаздың – парыз екенін әрі Алламан тілдесу мүмкіндігі екендігін ұмытпау керек. Егер Аллаға сыйыну қажет болғанда, ең қолжетімді жол – намаз болып табылады. Сондықтан Алла Елшісі (ﷺ) хадистерінің бірінде былай айтқан: «Намаз – Жаратушы мен Оның құлының арасындағы уақытша жіп».

Егер ажал иесі қарапайым мүмін бес уақыт намазын лайықты түрде өз уақытында орындап жүрсе, ол Алла Тағаланың бес игілігіне қол жеткізеді. Біріншіден, оның қабірі кең де жарық болады. Екіншіден, бұл дүниеде ол молшылық пен саулықта болады. Үшіншіден, қабір азабын тартпайды. Төртіншіден, Жұмақ пен Тозақ арасындағы Сират көпірінен найзағайдың жарқылындай өте шығады. Бесіншіден, сұрақ кезегі мен азаптан құтылып, Жұмаққа кіреді, ин ша Алла.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: