Тозақтық пен Жұмақтықтар бір-бірін көретін бола ма?

Тозақтық пен Жұмақтықтар бір-бірін көретін бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранның “Саффат” сүресіндегі 51-57 аяттарда Жұмақ пен Тозақ мекендеушілерінің бір-бірін көретіндігі және олардың өзара әңгімелері айтылған:

«Олардан бір айтушы: “Расында бір ағайыным бар еді” дейді (51)

(Ол, маған): “Шын-ақ растаушылардансың ба?» - дейді (52)

“Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?” (53)

“Оны көргілерің келе ме?”- дейді. (54)

Сонда өзі қарап оны Тозақтың ортасында көреді де: (55)

“Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың” дейді (56)

“Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине мен де Тозаққа келтірілгендерден болар едім” (57).

Міне, көріп отырғанымыздай, Алла Құранда Жұмақ пен Тозақ мекендеушілерінің бір-бірін көретіндігін және оладың өзара сұхбатын да келтірген. Жұмақ мекендеушілері үшін бір-бірін көру мүмкіндігі ұлы игілік болып табылады, өйткені олардың жүректері құтылуды нәсіп еткен Алла Тағалаға деген ризалыққа толы болады. Бірақ Тозақтықтар үшін Жұмақты көру – төзуге болмас азап пен қасірет көзі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: