Кедейлік қайғы емес

Кедейлік қайғы емес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Расында да кедей болу қайғы емес. Себебі кедей мен байдың айырмашылығы дүниеде ғана. Өмірде қанашама байлар кездеседі, бірақ өмірде басқа себептерімен бақытсыз болуда. Мысалы: біреуде  байлық болса, баласы жоқ, немесе денсаулық, бос уақыты жоқ. Дүниеге келгендегі мақсат бай болу, немесе атақты болу емес, ең үлкен жетістік Жаратқан Алланы танып, оған ғана құлшылық қылуың.

Абу Хурайра «Алла одан разы болсын» жеткізген хадисте, Алла елшісі (оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын): Расында Алла сендердің бейнелерің мен дүниелеріңе қарамайды, бәлкім сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды.

 Қиаметтің күнінде жаратқан құлдарының арасын бай, кедей деп бөлмейді. Ол күні құлдарын жасаған амалдарынмен есепке тартады. Бұл дүниеде әр адамның сынағы болғандай, кейделікте бір сынақ. Кедейлік бақытсыздықтың көрінісі емес. Абу Хурайра «Алла одан разы босын» жеткізген хадисте Алла елшісі үмбетін былай деп сүйіншілеген: «Қиаметте үмбетімнің кедейлері байлардан жарты күнге яғни бес жүз жылға бұрын кіреді», - деген. (Термизи)

Өмірдің өзі күрес дегендей, адамдардың  арасында байы да, және қалаған қажетін өтей алмайтын кедейлері де бар. Дегенмен, адам баласы шүкіршіл болып, жаратқанның басқа да кеңшілгін естен шығармағаны жөн. Мысалы: денсаулық, ағайын-туыс, ең бастысы еш жерде табылмайтын ақшаға сатылмайтын Аллаға деген сенім.

Халқымыз: Байлық мұрат емес, Кедейлік ұят емес деген.

Бірақ кедейлікті бақытқа жетелер жол деп түсінбеген жөн. Кедейліктің салдарынан басын тастан-тасқа ұрып, өмірден түңілген жандар қаншама. Демек байлықта, кедейлікте адамды бақытты етер себептер емес.Себебі адам тек асқазаннан ғана тұратын жаратылыс емес. Адамда рух, жүрек, сезімдер мен ар ожданнан тұрады. Адам баласының осы ішкі дүниесі қанағаттанбайынша бүкіл әлемді жалғыз өзі уысында ұстаса да оның бақыты бәрбір баянсыз, күлкісі жалған. Адам жағдайы өзінен жоғарыға емес, өзіненде нашар адамға қарап шүкір етуді өмірінін ұстанымы етсе, өмірден опық жемейтіні анық. Қандайда адам өмірде өзінен бай біреуді кездестірсе, өміріне жетерлік жағдай бола тұра әлгі адамнан өзінің кедейлеу болғанын ойлап ішін қызғаныш тырмалап құдайға қарсы шығуы мүмкін. Ал әлгі бай өзіненде бай адамды көріп,олда бәсекелестікпен қызғанышқа шырмалуы ықтимал.

Қазіргі  таңда қоғамда тек бай болуға шақыруда. Бай бол байлық ол жетістік деген сөздерді естудеміз. Бізге байлықты сүйіп кедейлікті жек көруімізге шақыруда. Байларды құрмет тұтып кедейлерді менсінбеуге үйретуде. Ал Аллланың елшісі «оған Алланың игілгі мен кеңшілігі болсын» керісінше кедейлерді сүюге шақыратын хадисінде: «Кедейлерді жақсы көріп, олармен бірге отырындар» және тағы бір сөзінде: «Аллаһым мені бұл дүниеде кедейлерден ет, кедей болған күйде жанымды ал, және кедейлермен бірге тірілт», - деген. Басқа бір хадисінде: «Қиаметте барша адамдар жиналғанда, Алла кедей мұсылмандарға: Сендер қандай жағдайда болыңдар? Олар раббымыз сен бізді кедейлікпен сынадың, ал біз сабырлық таныттық. Сен байлықпен билікті басқаларға бердің. Сонда Алла, сендер рас айттыңдар деп оларды жәннатқа басқалардан бұрын кіргізіп, ал есеп-қисаптың қиыншылығы байлар мен билік иелеріне қалады». Міне, сүйікті пайғамбарымыздын қанатты сөздері үмбетінің еш бірін қапыда қалдырмай, жақсылықпен сүйіншілеуде.

     Сөзіміздің соңын Абай атамыздың сөзімен тамандаймыз:

                 Жоққа сабыр, барға қанағат

                 Тереңірек ойланайық жамағат

                  Көйлегің көк, қарының тоқ

                  Одан асқан бақыт жоқ.

Самат  Ақамбаев 

«Күнбатыс-2» ауылдық мешітінің молдасы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: