Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің жамағаты жұма күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлының уағыз-насихатын тыңдады.
Насихат барысында Ғалымбек Төлегенұлы: «Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде мұсылманның келбетіне тән түрлі сипаттар айтылған. Мысалы, хадис шәріпте: «Нағыз мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам», - делінеді. Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде мұсылман адамның келбеті деп танылатын ізгі сипаттар көп», - деді.
Уағыз аяқталған соң Ғалымбек Төлегенұлы жұма намазын өткізіп, елдің амандығы үшін дұға жасады.