Ауыл имам-молдаларының білімін жетілдіру мақсатында тұрақты түрде семинар-тренингтер жүргізілуде. Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы аудан имамдарына семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг барысында Қанат Әділханұлы: «Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдармен араласып, олардың көрсеткен жәбірлеріне сабыр еткен мүмин – адамдармен араласпайтын, олардың көрсеткен жәбірлеріне сабыр сақтамайтын мүминге қарағанда қайырлы», – деп, қандай жағдай болмасын біздерді көпшілік жамағатпен бірге болуға шақырған. Кез келген қоғамның өзіне тән өмір сүру дағдысы мен сан ғасырдан бері қалыптасқан дәстүрі болады. Адамның тіршілік ету мәдениеті өзі өмір сүріп отырған қоғамдық құндылықтарға бейімделеді. Қалыптасқан құндылыққа «бағынбаған» пенде өзін де, өзгені де игілікке кенелте алмасы анық», - деді.