ОТАН БАҒА ЖЕТПЕС ҚАЗЫНАҢ

ОТАН БАҒА ЖЕТПЕС ҚАЗЫНАҢ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отан ол біздің ең бірінші баға жетпес байлығымыз. Ұлтарақтай жерге жете алмай жүрген қаншама елдер бар, ал, осыншама жерді Қазаққа нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз шүкіршіліктер болғай.

Отаны бар елдің еңсесі биік, әр - бір таңы тәуелсіз атады. Бұл бабаларымыз арман еткен арайлы таң.  Дініміз отанды жақсы көріп, оған адал  қызмет жасауды бұйырады. Пайғамбарымыз (с.а.с) былай дейді: "Отанды сүю иманнан". Отанға сатқындық және опасыздық жасау үлкен күнәләдан болып табылыды.

Елдің тірегі қашаннан ер болмақ. Кешегі бабаларымыз ел тыныштығын аттың үстінде күзетіп, жерін жаудан қорғап қалған. Қарыс жерді дұшпанына бермеген батырларымыздың бұл көрінісі отанның  бір жапырақ жерінің өзі жаннан қымбат екендігін көрсетеді.

Расында, елін, жерін жақсы көру шынайы имандылықтың көрінісі. Оның ұлтшылдықпен, жершілдікпен айырмасы бар.  Аббас ибн Касир жеткізген риуаятта бір кісі Пайғамбардан (с.а.с) : "Уа, Расулалла! Бір адам өзінің ұлтын, қауымын жақсы көрсе, ол рушылдық болып саналадыма?" - деп сұрайды. Сонда Алла елшісі "Жоқ. Егер адам өзінің қауымының зұлымдық қылуына жәрдем берсе, сонысы рушылдық" - деп жауап береді. (Ахмет, Ибн Мәже риуаят еткен).

ұрпақ тәрбиесінде  бірінші жастарымызға  отанды қорғау, оны сүю, әр - бір күнін қадыр түніндей қастерлеп қадіріне жетуді үйретуіміз қажет.

 

Р.Еспенбетов 

Мойынқұм ауданының бас имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: