Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен мемлекеттік мереке қарсаңында ауданға қарасты апаларымызға құрмет көрсетілді.
Аудан имамы көмекшілерімен бірге кілем, торт, тәттілер мен сусындарын алып апаларымызды зиярат етіп, қал жағдайларын сұрап қайтты.
Апаларымыз аудан имамын көріп қуанып, өз баталарын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі