Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Таукеев мешіт демеушілерін марапаттап шапан жауып, алғыс хат табыстады. Осы демеушілердің жәрдемімен мешіт асханасының құрылысы аяқталды және дәретхана күрделі жөндеуден өткен болатын.
Қазақта «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Алғыс білдіру адамдар арасындағы өзара құрметті көрсетеді. «Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың» деп аталарымыз ұрпағына үнемі алғыс алуды өсиет еткен. «Алғыс алған арымас, Қарғыс алған жарымас», деген дана бабаларымыз. Мұнда алғыс алудың бақыт пен жақсылықтың бастауы екендігін ұрпақ санасына сіңірген.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі