#Рысқұлов: Мектеп оқушыларымен дін сағаты өтті

#Рысқұлов: Мектеп оқушыларымен дін сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық «Қасымбай ата» мешітінің имамы Нұрқияс Әбілдаев  ауылдағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп жастарымен кездесу өткізді. Шараға мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, «Дәстүрлі дін» тақырыбында насихат тыңдады.

Нұрқияс имам кездесуде: «Дін адамды ізгі қаситеттерімізді пысықтатса салт-дәстүр ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Әр халықтын өзіне тән қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері  болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерінің алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық, ұлтты рухани жандандырып, оны ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттан. Дін мен дәстүр қашан да бір-бірімен сабақтас егіз ұғым десек те болады. Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар. Ислам діні әр бір халықтың ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктеріне әдет ғұрыпына  көңіл бөлген. Сондықтан ислам ғұламалары әдет ғұрып мәселесін талдап оның өзін жеке тақырып етіп зерттеген», - деп тақырып бойынша ойтолғау жасады.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: