Қазақ халқы жетімін қаңғытпаған, жесірін жылатпаған. Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұжымы мен жамағатының ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылында жалдамалы пәтерде тұрып жатқан бір отбасының комуналдық шығындары өтелсе, бір отбасы тұрып жатқан пәтердің жалдау ақысы төленді. Сондай-ақ, Сарыкемерде асарланып салынып жатқан үйге 50 000 теңге қаражат бөлінді.
Үш бірдей отбасын қуанту үшін жасалған қайырымдылыққа жұмсалған жалпы қаражат саны 125 000 теңгені құрады.