Әрбір пенде Алла елшісі басып өткен жерлермен жүріп өтуді, құбыламыз болған Қағбаны көруді армандайды. Ал қажылыққа бару үшін бай болудың қажеті жоқ-ты. Өйткені шын қалаған адамды Алла өзі шақырады.
Оған дәлел Тараз қаласы «Давруш ата» мешітінде болған қуанышты жайт. Жамағат әрі Алла үйінің жанашыр азааттарның мұрындық болуымен мүмкіндігі шектеулі бауырымызға ұмра қажылығына жолдама берілді.
Көпшілік жас жігітпен бірге қуанып, ұмра сыйлығын беруші мен алушыға тілектерін жаудырды.