Тараз қаласы «Айсұлу ана» мешітінің жамағаты арасында футбол ойыны өтті. Жамағаттың ауызбіршілігін сақтап, бауырмалдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған спорттық дода жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шарада жастар мен аға буын өкілдері сынға түсіп, үздік топ анықталды. Жамағаттың татулығын арттыратын мұндай жиындар алдағы уақытта жиі өткізілмек.