Тараз қаласы «Давруш ата» мешітінде Құран жарысы өтті. Мешіт шәкірттері арасында ұйымдастырылған жарыста үздіктер анықталды.
Үздік шәкірттерге мешіт имам Рамиз Азизовтың мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар берілді. Шәкірттерге батасын беріп, қари хафиздардан болуды тілеп, Құран кітаптар сыйға тартылды.