Республика күнінде боздақтарға Құран бағышталды

Республика күнінде боздақтарға Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін 25 қазан - Республика күні мерекесінде Жамбыл облысының барлық мешіттерінде еліміздің егеменді мемлекет болып қалыптасуына еңбек сіңірген бабаларымызға, апаларымызға, алаш боздақтарына Құран Кәрімнің хатым дұғасы бағышталды. 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған имам, ұстаздар бірлесіп Құран оқып, еліміздің тұғыры биік болсын деп Алладан тілеп, бата жасады. Сонымен қатар аталған іс-шара Жамбыл өңірінің барлық қала, аудандарында, ауылдарда жалғасын тауып, бір мезгілде дұға жасалды. 

"Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Сол көз жастары көк туымызға сүртілген ата-бабалар еңбегі бүгінгі күннің ең ұлы жеңісі, айтулы мерекесі. Еліміздің егемендігі жасай берсін," - деп атап өтті бас имам сөзінде.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті, Тараз қаласы

 

Қордай ауданы

 

Меркі ауданы

 

Байзақ ауданы

 

Т.Рысқұлов ауданы

 

Сарысу ауданы

 

Жуалы ауданы

 

Шу ауданы 

 

Талас ауданы

 

Мойынқұм ауданы

 

Жамбыл ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: