Республика күніне орай имамдар 1000 түп ағаш отырғызды

Республика күніне орай имамдар 1000 түп ағаш отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев бастаған Тараз қаласының имамдары Республика күніне орай 15 мөлтек ауданында саябақ алаңына 1000 түп ағаш отырғызды. 

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады. Хадисте «Бір адам бір ағаш отырғызса,амал дәптеріне отырғызылған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген.

Осы игі мақсатта дін мамандары түрлі ағаш түрлерінен отырғызып, құрылыс пен даму үстіндегі мөлтек ауданның өркендеуіне үлес қосты.  

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: