Меркі ауданына қарасты мешіт имамдары мешітке жиналған жұртқа «Тәуелсіздік – үлкен нығмет» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Аудан имадары: «Ата-бабамыздың өміріне зер салсақ, сүрлеуі мол соқпақтармен ой-шұңқыры, қауіп-қатері көп көпірлерден өтті. Азанды ақырын айтып, жаназаны жасырын оқығандығы тарихта айтылады. Ол заманда дін ілімін таратды айтпағанда, үйренудің өзі қылмыс саналған. Сол ата-бабаларымыздың сан ғасырғы арман-мұраты – ол Тәуелсіздік еді.
Аллаға шүкір, Ел тәуелсіздігіне қол жетіп, ана тілімізбен, ата дінімізбен қайта қауышып, салт-дәстүріміз жаңғырды. Қазіргі күні тәуелсіз елде, әр таңымызды амандықпен, ешқандай қауіп-қатерсіз аттырып жатырмыз. Әрбіріміз осы нығметтің қадірін түсініп, шынайы бағалай білуіміз қажет», - деп атап өтті.
Уағыз соңында Елімізге, жерімізге дұға жасады. Алла Тағала тәуелсіздігімізді мәңгі, еліміздің, жеріміздің мерейін үстем қылсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

