Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы мен оның орынбасары наиб имам Қуаныш Досымжанұлы аудандағы қазыналы қарттар мен жастар орталығының қызметкерлерін жинап «Қарттар – асыл қазынам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл іс шара ауданда қарттар үйі болмағандықтан Достық үйінде ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде ауданның бас имамы алғаш сөз алып жастарға қарттардың қадірі жайында насихат айтты. Артынша ауданның ардагерлері кезек-кезек сөйлеп өз ақыл-кеңестері мен пікірлерімен бөлісті. Аталмыш іс шарада қазіргі кезде өршіп тұрған ажырасу мәселесі мен тіл мәселесі де көтеріліп, орынды ой-пікірлер білдірілді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі