Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесінің құрметіне "Ізгілік жаршысы" атты рухани кеш өтті.
Игі жиында ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ортаға шығып сөз сөйлеп, ҚМДБ және "Зекет" қорының "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында 689-шы баспана кілті табысталатынын айтып сүйіншіледі.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үй кілті табысталып, бас имам іші берекеге толсын деп батасын берді. Бұл көрініске көрермендер шын разы болып, қуанып, Аллаға шүкірлер айтты. Алла халқымыздың осындай қуанышын еселей түссін!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі