#Шу: Қайырымдылық - жүрек жылуы

#Шу: Қайырымдылық - жүрек жылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. 

Қайырымдылықты негізгі бағыттарына айналдырған ел мешіттері аталмыш науқандарды жиі ұйымдастырады. Оның бірі Шу ауданы "Төле би" мешітінде өтті. Мешітте 2 қой сойылып, еті мұқтаж отбасыларға жеткізілді. 

Мешіт азаншысы Ибрагим Жалалиев тұрмысы төмен отбасыларға ет жеткізіп, батасы мен алғысын айлып қайтты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: