Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның қарауындағы бүкіл мешіттер Әбу Ханифа мазһабы бойынша шариғат ұстанатынын, сондай-ақ оның жанындағы «Діни істер және пәтуа», «Діни уағыз, оқу-ағарту» бөлімдерінің тұрақты түрде жемісті жұмыс істеп келе жатқанын баршамыз жақсы білеміз. Дін жөнінде білмеген сұрақтарымыз бойынша сол мекемеден қанағаттанарлық жауап алып жүрміз де.
Пәтуә бөлімінің берген пәтуәларын насихаттау мақсатында "Кеңесхан қажы" мешітінде ұстаз Азат Бухаралиев жамағатқа пәтуа сағатын өткізді. Көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, аят-хадистерден мысалдар келтіріп өтті.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі