#Шу: "Бірлікүстем" мешітінде мәуліт мерекесі өтті

#Шу: "Бірлікүстем" мешітінде мәуліт мерекесі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық "Бірлікүстем" мешітінде әйелдер жамағатына арналған "Адамзаттың сардары" атты мәуліт кеші өтті. 

Исі мұсылман үшін бес күн жалған дүниеде пайғамбар өмірінен алар өнеге көп-ақ. Демек, мұсылманның өмірдегі басты мақсаты – пайғамбарымыздың сүннетіне еліктей білу. Өйткені, адам баласы өмірде әрқашан өнеге тұтар ұлы тұлғаны іздеп бағады. Ал, Алла тағала пенделеріне: «Алладан, ақырет күнiнен үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшiн Расулуллада, әлбетте, тамаша өнегелер бар» деп баяндайды («Ахзаб» сүресі, 21-аят).

Осындай маңызы бар шараға Шу ауданының өзгеде мешіттерінде қызмет атқаратын ұстаздар қауымы келіп қатысты. Балдырғандар өлең шумақтарын оқып, ұстаздар кезекпен уағыз-насихатын паш етті. Қонақ болып келген білім иелеріне арнайы сыйлықтар тарту етіліп, Алла елшісіне салауат-сәлемдер жолданды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: